
2026 жылдың 30 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры М.У. Анартаева комплаенс-офицер Н.А. Пернебаевпен бірлесіп, кафедра меңгерушілерімен кездесу өткізді. Кеңес барысында негізгі тақырыптардың бірі ретінде білім беру үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Академиялық адалдық лигасына мүшелікке кіруі үшін өзін-өзі бағалау жұмыстарын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары таныстырылды. Комплаенс-офицер Академиялық адалдық лигасы бекіткен өзін-өзі бағалауға дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Академиялық адалдық лигасына кіруге дайындықтың негізгі талаптары мен кезеңдеріне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ әріптестер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуде академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, этикалық нормаларды сақтау және білім беру үдерісіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жоғары оқу орны қызметінде ашықтық, әділдік және айқындық қағидаттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті.