Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «ОҚМА» АҚ-да инновациялық білі...
8 маусым 2026
1
0
0

«ОҚМА» АҚ-да инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 4 маусымда «ОҚМА» АҚ-да Түркістан облысы және Шымкент қаласы денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен онлайн жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша Жол картасын іске асыру және Түркістан облысы және Шымкент қаласы денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара байланыс тетіктерін талқылау болды.
Жиынға «ОҚМА» АҚ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Нұрмашев Б.Қ., академиялық жұмыс жөніндегі проректор, м. ғ. д., профессор Анартаева М.Ұ., Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев А.М., оқу-әдістемелік орталығының басшысы Долтаева Б.З., фармация факультетінің деканы Арыстанбаев Қ.Е., «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Иванова М.Б., құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығының басшысы Кенесова К.Ж., докторантура және магистратура бөлімінің меңгерушісі Ходжакулова У.А., клиникалық жұмыстар және дәлелді медицина бөлімінің меңгерушісі Пернебеков Е.М., мансап бөлімінің меңгерушісі Юнусметов Э.Ш. және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу, цифрлық денсаулық сақтау, медициналық деректерді талдау, фармацевтика мен медицинадағы цифрлық инженерия, медициналық жабдықтарды инженерлік сүйемелдеу және микробіліктілік курстары мен онлайн білім беру платформасын дамыту мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының цифрлық трансформациясына байланысты медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс жасайтын, медициналық аналитика жүргізетін және медициналық техниканы инженерлік қолдай алатын мамандарға қажеттіліктің артып отырғаны атап өтілді.
Талқылау барысында қатысушылар тәжірибеге бағытталған даярлықты күшейту, өндірістік тәжірибе базаларын кеңейту, жұмыс берушілердің ұсыныстарын білім беру бағдарламаларына енгізу, денсаулық сақтау ұйымдарымен тұрақты өзара байланыс орнату және өңірлік кадрлық қажеттіліктерді ескере отырып мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инновациялық білім беру бағдарламаларын бірлесіп жетілдіру, өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне қажетті білікті мамандар даярлау және Жол картасын іске асыру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Пікірлер орны (0)