
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Жақыпұлы Қалыбеков, басқарма басшысының орынбасары Инна Глазебная, қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаева және Жоғары медицина колледжінің директоры Ғалымжан Мотайұлы арнайы жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында қонақтар алдымен оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Академияның мұражайын, заман талабына сай жабдықталған оқу базаларын, ғылыми-зерттеу орталығын және кітапхананы аралап, білім алушылар мен оқытушылар үшін жасалған мүмкіндіктерді көрді.

Кездесу барысында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар алдағы уақытта білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тәжірибе алмасуға және кәсіби кадрларды даярлау бағытындағы жұмыстарды күшейтуге ниетті екендерін жеткізді.