Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-да академиялық ұтқырлық а...
10 сәуір 2026
1
0
0

ОҚМА-да академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенттері – Садакбаева Гулим Қуанышевна, Иманбек Бағымжан Кеңесқызы және Махамбетова Шарбат Нурболатовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 26 наурыз бен 8 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына іссапармен келді.
Іссапардың негізгі мақсаты – мейіргер ісі саласында академиялық, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, білім беру үдерісін жетілдіру, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Аталған бағдарлама аясында қонақ оқытушыларды «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы қабылдап, қажетті ұйымдастырушылық және академиялық қолдау көрсетті. Іссапар барысында 6В10104 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 3 - 4 курс, В-МІҚ-01-22 тобына «Геронтологиядағы мейіргерлік іс» пәні бойынша Г.Қ. Садакбаева және В-МІҚ-01-23 тобына Б.К. Иманбаева, 1 курс жеделдетілген (10 ай) 6В10104 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 26 наурыз бен 8 сәуір аралығында жалпы 72 сағатты құрайтын дәріс, тәжірибе, БОӨЖ сабақтарын жүргізді. Бұл бағдарлама білім алушыларға жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ кәсіби тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылар мен оқытушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болып табылады. Мұндай өзара серіктестік заманауи медициналық білім беру сапасын арттыруға, инновациялық әдістерді енгізуге және болашақ мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті нығайтып, ғылыми және білім беру бағытындағы бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық университеттеріміз арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.

Пікірлер орны (0)