Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-да әкімшілік құрылым басш...
13 қазан 2026
1
0
0

ОҚМА-да әкімшілік құрылым басшыларына арналған «ChatGPT Edu» платформасын тиімді пайдалану бойынша семинар өтті


«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да әкімшілік құрылымдық бөлімшелердің басшыларына арналған «ChatGPT Edu: жасанды интеллектіні басқарушылық қызметте тиімді пайдалану» тақырыбында ақпараттық-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – академияның әкімшілік-басқарушылық қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін таныстыру, басқару үдерістерін оңтайландыру және қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.


Семинарды академияның цифрлық офицері Нұрпейісов Айбек Сенбекұлы ұйымдастырып, жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде ғана емес, әкімшілік және басқарушылық қызметте де тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында «Bilim Group» компаниясының AI-методологы Абдулкәрім Абдулрахманұлы «ChatGPT Edu» платформасының негізгі мүмкіндіктерімен таныстырып, оны күнделікті кәсіби қызметте қолданудың практикалық жолдарын көрсетті.


Атап айтқанда, қатысушыларға ресми құжаттар мен есептерді әзірлеу, ақпаратты жүйелеу және талдау, жұмыс жоспарларын құрастыру, басқарушылық шешімдерді ақпараттық тұрғыдан қолдау, сондай-ақ күнделікті қайталанатын міндеттерді оңтайландыру бойынша нақты мысалдар ұсынылды.
Сонымен қатар, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, цифрлық этика, дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, платформаны академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Аталған семинар академияда цифрлық трансформацияны дамытуға, басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыруға және жасанды интеллект технологияларын күнделікті жұмыс үдерістеріне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Пікірлер орны (0)