
2026 жылғы 7 қазанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Гданьск медицина университетінің (Польша) ғалымы, GBD коллабораторы Dr. Mohammad Reza Saeb қатысуымен Global Burden of Disease (GBD)-әлем халқының денсаулық жағдайын, аурулар мен қауіп факторларының әсерін бағалайтын халықаралық ғылыми зерттеу жүйесінде денсаулық көрсеткіштері және оларды ғылыми зерттеулерде қолдану тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға кафедра меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілер, сондай-ақ PhD докторанттары қатысты. Іс-шара барысында GBD жүйесінің негізгі қағидаттары, халық денсаулығын бағалау көрсеткіштері, DALY, қауіп факторлары, жас және жыныс ерекшеліктері қарастырылды.
Қазақстанның мысалында онкологиялық аурулардың 1990–2023 жылдардағы көрсеткіштері, аурушаңдық, өлім-жітім, DALY және қауіп факторлары талданып, GBD деректерін ғылыми зерттеулер мен зерттеу басымдықтарын анықтауда пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылар GBD деректерін жергілікті медициналық деректермен үйлестіру, ғылыми жобалар мен жарияланымдар әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара ОҚМА-дағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және зерттеушілердің заманауи аналитикалық құралдарды қолдану құзыреттерін дамытуға бағытталды.