Shymkent Marathon 2015 жылы негізі қаланып, 2018 жылы Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығының (AIMS) ресми сертификатын алды. 2025 жылдың 14 қыркүйегінде өткен мерейтойлық Shymkent Marathon-ға 15 ел мен 120 қала атынан 7000-нан астам жүгіруші қатысуға өтініш білдірді. Он жыл ішінде марафон елдегі ең ірі жүгіру шараларының біріне айналды. Алғашқы екі жылда марафон «13-аймақ – Біз бірге бәріне қол жеткізе аламыз!» атты жалпықалалық жүгіру ретінде қабылданды. Бүгінде Shymkent Marathon – бұл тек жаппай жарқын жүгіру ғана емес, жыл сайын еліміздің үшінші мегаполисіне көптеген туристер мен спортшыларды тартатын маңызды оқиға. Қатысушыларға алты қашықтық ұсынылды: 5, 10, 21 және 42 шақырымдық жүгіру, сондай-ақ командалық эстафета мен скандинавиялық жүріс. Марафонның басты ерекшелігі – 2025 жылғы ерекше медаль. Оның салмағы рекордтық 200 граммды құрап, күн дискісі стилінде жасалған ғажайып дизайнмен ерекшеленді, себебі Шымкент еліміздегі ең күншуақты қала ретінде танылған.

Shymkent Marathon бүгінде жай ғана спорттық шара емес, салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты және спорттық туризмді ілгерілететін брендке айналды. Жүгіріс жолына кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да, студенттер, оқушылар мен тұтас корпоративтік командалар да шықты. Жыл сайын бұл оқиға нағыз спорт пен жігер мерекесіне айналады: ерекше атмосфера, әуендік сүйемелдеу, жанкүйерлер мен еріктілердің қолдауы әрбір қатысушыға ерекше мотивация сыйлайды. ОҚМА командасы өздерінің жеке үлгісі арқылы жүгіру мен белсенді өмір салтын насихаттаудың, командалық рухты нығайтудың, бұқаралық спортты дамытудың және денсаулық мәдениетін қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткісі келді.

Академия атынан жарысқа қатысқандар:
● Дарибаев Нурлан Миятбекұлы – ғылыми жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының жетекшісі – 10 км;
●Ходжакулова Умида Абдывалыевна – докторантура және магистратура секторының меңгерушісі, «Жедел медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті – 5 км;
●Хужахмедова Римма Насруллаевна – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары – 5 км.
● Күлмырзаева Дарияна Мұратқызы – PhD, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының профессор м.а. – 10 км;
●Қозыкеева Раушан Айдарбекқызы – PhD, фармация факультеті деканының орынбасары, «Дәрілік заттар технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының доцент м.а. – 10 км;
● Тұрабек Мадина Айдарқызы – кадр қызметі бөлімінің аға маманы – 5 км.

Біз Академияны абыроймен танытып, қозғалыстың күш екенін, командалық қолдау мен жаңа белестерге ұмтылыстың маңызын дәлелдеген әріптестерімізді мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!