Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА мен Жамбыл облыстық денса...
21 мамыр 2026
1
0
0

ОҚМА мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы делегация келді. Қонақтар қатарында басқарма басшысы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы да болды. Делегация мүшелері алдымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтар оқу орнының тарихынан сыр шертетін мұражайды аралап, академияның әр жылдардағы жетістіктері мен даму кезеңдеріне қанықты. Сонымен қатар, делегация оқу корпустары мен зертханалық базаларды аралап көрді. Олар студенттерге жасалған жағдайлармен танысып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу кабинеттері мен зертханалардың мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.
Кездесу барысында тараптар кәсіби білім мен тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «ОҚМА» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл кездесу алдағы уақытта жүзеге асатын ірі жобалар мен ортақ жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болмақ.

Пікірлер орны (0)