Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-ның 1986 жылғы түлектерін...
8 маусым 2026
1
0
0

ОҚМА-ның 1986 жылғы түлектерінің мерейтойлық кездесуі өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 1981–1986 жылдары оқыған түлектердің 40 жылдық мерейтойлық кездесуі өтті. Салтанатты шарада оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы құттықтау сөз сөйлеп, арада 40 жыл өтсе де топ бірлігін сақтап, кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болған белсенді түлектерді марапаттады.
Мерейтойға Германиядан 3-топ түлегі Андрей Сихварт, Ресейден 3-топтың түлегі Вероника Нам және Өзбекстаннан 2-топтың түлегі Дилором Икрамова арнайы келіп, 1981–1986 жылғы түлектер атынан оқу орнына және «ОҚМА» АҚ ректоры Жанна Серікжанқызына естелік сыйлық пен «40 жыл» мерекелік медалін табыстады. 

Кездесуде ҚР Фармация мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, жоғары санатты провизор Сара Джидебаева және академик Мұхтар Әлиев атындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің «Фармация» кафедрасының аға оқытушысы Жалдыбаев Қайрат Кеңшілікұлы түлектер атынан ұстаздарына ризашылықтарын білдірді. Бұл кездесу сағынышқа толы басқосу ғана болған жоқ, ол игі істердің де алаңына айналды. 1986 жылғы түлектер атынан 5-топтың түлегі Джамиля Омарова мен 2-топтың түлегі Нона Юн «Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев» атындағы арнайы стипендияны Фармация факультетінің студенттері Ерубаева Арайлым мен Сапарбек Аяулымға табыстады. Кездесу барысында түлектер өздері білім алған оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Пікірлер орны (0)