Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Оқу мен емтихандағы адалдық -...
6 қазан 2026
1
0
0

Оқу мен емтихандағы адалдық - кәсіби жауапкершіліктің негізі

2026 жылғы 2 қазанда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасында академиялық адалдық тақырыбында интернатура және бакалавриат білім алушылары, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс-шарада оқу барысында және емтихан тапсыру кезінде адалдық қағидаттарын сақтаудың маңызына назар аударылды. Тапсырмаларды өз бетінше орындау, пайдаланылған дереккөздерге сілтеме жасау, плагиатқа жол бермеу және өзгенің еңбегін құрметтеу - білім алушының жауапкершілігін көрсететін негізгі талаптар.
Емтихан кезіндегі адалдық білімді әділ бағалауға мүмкіндік береді. Көшірмеу, рұқсат етілмеген материалдар мен электрондық құрылғыларды пайдаланбау, басқа адамның көмегіне жүгінбей, өз біліміне сүйеніп жауап беру әрбір білім алушы үшін маңызды.
Болашақ медицина маманы үшін адалдықтың мәні ерекше. Оқу кезінде қалыптасқан жауапкершілік пен шынайы білім кәсіби қызметте дұрыс шешім қабылдауға және пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз болады.

Пікірлер орны (0)