
2026 жылдың сәуір–мамыр айларында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты бірқатар білім беру ұйымдарында оқушылардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін арттыру, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-ағартушылық кездесулер мен танымдық дәрістер өткізілді.
Аталған іс-шараларға Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі мен ассистенттері Сейдахметова Айзат Ашимхановна, Ерімбет Бекзат Мыңбайұлы, Бекназарова Жаңыл Бауржановна, Султанова Жанат Сәрсеновна және Ходжакулова Умида Абдывалиевна қатысып, С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебі, Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі және Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы 9–11 сынып оқушыларымен мазмұнды кездесулер ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер, буллинг пен психологиялық қысымның алдын алу жолдары, жасөспірімдер арасындағы өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбы аясында салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, денсаулыққа зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру жөнінде кеңінен айтылды.Дәрістер барысында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың рөлі де ерекше назарға алынды. Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайларда көмек сұраудан қорықпау, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.Сонымен қатар «Дәрігердің бір күндік өмірі» тақырыбында медицина саласының жауапкершілігі мен маңыздылығы түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берілді. Жасөспірімдердің репродуктивті және психикалық денсаулығына қатысты өзекті мәселелер — маскүнемдік, нашақорлық, лудомания және құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, олардың өмірлік көзқарасының дұрыс қалыптасуына оң әсерін тигізді. Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ұжымы танымдық дәрістерді өткізуге қолдау көрсеткенмектеп директорлары мен мұғалімдеріне алғыс білдіреді.