
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының кешенді жоспарының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бөліміне сәйкес «Сауаттылық – сапалы медицинаның негізі» тақырыбында мектеп оқушыларына алғашқы көмек көрсету жайлы дәріс өткізілді.
29.09.2025ж. күні I-ЖТДҚ-01-24 тобының интерндері, топ жетекшісі Нұрмаханова Г.Н. басшылығымен Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық, танымдық, тәрбиелік іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты мектеп оқушыларына шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйрету болды. Топ жетекшісі Нұрмаханова Г.Н. таныстыру жұмысын жүргізіп, бұл іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Ол жасөспірімдерге төтенше жағдай орын алғанда әр секундтың қымбат болатынын айтты. Мұндайда әрбір адамның алғашқы көмек көрсетіп, сол арқылы адамның өмірін сақтап қалуға үлес қоса алатын мүмкіндігі барын жеткізді. Оқушыларды мұқият тыңдауға шақырды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Шара соңында кері байланыс ретінде сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Оқушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Белсенділік көрсеткендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы алғанда, мұндай іс-шараның маңызы өте зор. Оқушылардың бойында төтенше жағдайда дер кезінде көмек көрсету алу қабілеттілігін арттырады.
