Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Оқушылар арасында тіс жегісіні...
27 сәуір 2026
1
0
0

Оқушылар арасында тіс жегісінің алдын алу: студенттердің ағартушылық жұмысы

Тіс саулығы – жалпы ағза денсаулығының маңызды бөлігі. Ауыз қуысының жағдайы адамның ас қорыту жүйесіне, сөйлеуіне және сыртқы келбетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тісті күту тек эстетикалық емес, медициналық тұрғыдан да аса маңызды. Тіс мықты, аппақ, түзу болу үшін ауыз қуысының күтімін бала кезден бастаған жөн. «Салауатты университет» бағдарламасы аясында «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында ВМ- СҚБ-02-23 тобының білім алушылары «Жалпы гигиена» пәнінің ОБӨЖ сабағында «Балаларда тіс жегісінің алдын алу» тақырыбы бойынша теориялық білімін тәжірибеде ұштастыру мақсатында «Нұртас» зияткерлік жалпы орта мектебінің 2-сынып оқушыларына ауыз қуысының гигиенасы, тіс күтімі мен тісті қалай тазалау керектігін үйретті. Сонымен қатар балаларға дұрыс тамақтанудың  да тіс саулығына әсерін, қантты және тым тәтті тағамдарды шамадан тыс қолдану тіс жегісіне әкелуі мүмкін екендігін, ал кальцийге бай өнімдер (сүт, ірімшік, айран) тістерді нығайтатындығын түсіндірді.
Тіс дәрігеріне жүйелі түрде қаралу – ауыз қуысы ауруларының алдын алу шараларының маңызды бөлігі. Жылына кемінде екі рет тексеруден өту тіс ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретіндігін ескертті.

Пікірлер орны (0)