Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Оқытушы еңбегі – білім алушыла...
23 қыркүйек 2026
1
0
0

Оқытушы еңбегі – білім алушыларға рухани қазына

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сахов Сапарбек Мусахановичтің «Көзқарас көкжиегі» атты жинағы жарық көрді. Осыған орай кафедрада жаңа еңбекті білім алушылар мен кафедра оқытушыларына таныстыруға арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқытушының шығармашылық және ғылыми-танымдық еңбегін таныстыру, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту және өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында Сахов Сапарбек Мусаханович «Көзқарас көкжиегі» жинағының жарық көру тарихына, мазмұны мен негізгі идеяларына тоқталып, еңбектің жазылу мақсаты туралы ой бөлісті. Автор өз еңбегінде қоғам, адам, рухани құндылықтар, өмірлік ұстанымдар мен заманауи көзқарастар төңірегіндегі ойларын ортаға ұсынып, оқырманды терең ойлануға, ізденуге және өзіндік пікір қалыптастыруға үндейді.
Кездесу барысында кафедра оқытушылары мен студенттер авторға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жинақтың мазмұны мен көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Білім алушылар үшін автордың шығармашылық ізденісі мен өмірлік тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызды.
Кафедра оқытушылары Сапарбек Мусахановичті жаңа еңбегінің жарық көруімен құттықтап, шығармашылық табыс, ғылыми-танымдық ізденістеріне жаңа серпін және алдағы уақытта да оқырманға жол тартар мазмұнды еңбектердің көп болуына тілектестік білдірді.
«Көзқарас көкжиегі» – автордың өмірлік тәжірибесі мен ой-толғамдарын тоғыстырған, оқырманның таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған құнды еңбек. Кітаптың жарық көруі кафедраның ғылыми-шығармашылық әлеуетін арттырып, білім алушылардың рухани және интеллектуалдық дамуына оң ықпал ететін маңызды оқиға болды.

Пікірлер орны (0)