Интернатура деңгейінің «Жалпы тәжірибелік дәрігер» бағытына арналған білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында ОҚМА «Отбасылық медицина» кафедрасы ұйымдастырған тәжірибелік денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары Қалалық көпсалалы №2 ауруханасының бас дәрігері, Шымкент қалалық маслихатының депутаты Пазылов Бақытжан Джолдасбекович, Шымкент қаласы №7 қалалық емхананың бас дәрігері, PhD доктор Жанабаев Нурлан Смадиярович, ОҚМА тәжірибелік дағдылар орталығының басшысы Калменов Нурлан Джуманович, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Рашева Бахыт Муратовна, «Отбасылық медицина» кафедра меңгерушісі Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы және кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы мен үздік интерндер қатысуымен «Білім беру бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Интернатура деңгейінің «Жалпы тәжірибелік дәрігер» бағытына және «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша резидентура деңгейіне арналған білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында дөңгелек үстелде қарастырылған сұрақтар мен ұсыныстар негізінде келесі резолюция қабылданды:
1. Жалпы тәжірибелік дәрігерлерде психологиялық төзімділік пен коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мақсатында ЖТД мамандарын дайындауға арналған білім беру бағдарламасына «ЖТД практикасындағы медициналық психология» пәнін таңдау компоненті ретінде енгізу.
2. Интерндер мен резиденттердің клиникалық құзыреттілігі мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында науқастарға қолжетімділікті жақсарту үшін резиденттер мен кафедраның ПОҚ клиникалық базаларға қосалқы жұмыс атқару мәселесін қолға алу
3. Интерндер мен резиденттердің практикалық дағдыларды игеру деңгейін арттыру мақсатында ОҚМА ТДО-ның барлық мүмкіншіліктерін, симуляциялық технолгия әдісін кеңінен қолдану
4. Интерндер мен резиденттердің білім деңгейлерін бағалауда клиникалық және ғылыми құзыреттілік пен практикалық дағдыларды игеруін бағалайтын әдістеді жетілдіру
«Білім беру бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстелде айтқан әрбір пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды болды, үлкен рахмет.