Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Отбасылық медицинаның өзекті...
8 сәуір 2026
1
1
2

«Отбасылық медицинаның өзекті мәселелері»

2026 жылдың 7 сәуірінде «Отбасылық медицина» кафедрасы және №1- Шымкент қалалық емханасымен бірге Ғылым күніне орай «Отбасылық медицинаның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасылық медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және жас мамандардың ғылыми мүмкіндіктерін арттыру. 
Ғылымда еркін жүзу үшін,қазыргы жахандық бәсекеге қабілетті болуға жастарды тәрбиелеуді басты назарға ала отырып,білім берудің көптілдік саясатына сәйкес конференция үш тілде қазақ,орыс,ағылшын тілінде жүргізілді.
Алғы сөзді конференция модераторы, «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Ж. Ә. Кауызбай құрметті қонақтарымызға берді. Құрметті қонақтарымыз ОҚМА Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Ахметова Алма Абдукаримовнаға және медицина факультетінің деканы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.«Жедел медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимхановна өз сөзінде баяндамашыларды ғылым күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Алғашқы баяндаманы № 1 қалалық емхананың орынбасары Казахбаева Дариха Тавакаловна «Отбасылық дәрігер практикасындағы өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама оқыды.Одан ары отбасылық медицина кафедрасының интерн дәрігерлері мен қалалық  1- емхананың дәрігерлері өз баяндамаларын үш тілде жалғастырды.

Баяндамалар тақырыптары отбасылық медицинаның кең ауқымды мәселелерін қамтыды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, созылмалы ауруларды басқару, профилактикалық медицинаның маңызы, скринингтік бағдарламаларды жетілдіру, сондай-ақ пациентке бағытталған қызмет көрсету мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Әсіресе,  жүрек ишемиялық ауруы, қант диабетімен пациенттерді бақылау, онкологиялық науқастарды ерте диагностикалау және аурудың асқынуының алдын алу мәселелері, жахандық маңызды проблема антибиотик резитенттілік жайлы ұсынылған жұмыстар үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық технологияларды енгізу, телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану және медициналық қызмет сапасын арттыру жолдары да кеңінен талқыланды.
Конференция барысында қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу орын алып, әрбір баяндамаға қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бұл ғылыми ортада ашық диалог қалыптастырып, қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Мұндай өзара байланыс ғылым мен тәжірибенің ұштасуына жол ашатыны сөзсіз.
Конференция соңында қатысушылар өз ойларын қорытындылап, отбасылық медицинаны одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. Конференция соңында «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі,  м.ғ.к.,қауым.профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы және кафедраның  м.ғ.к., доцент Бектибаева Назипа Шакмановна, кафедраның ғылыми жұмыстар бойынша жауапты ассистенті Аташова Кумисай Кулдыраковна сөз сөйлеп баяндамашыларды алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер орны (2)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
💥💥💥
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы