Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Өз дәріханаңды нөлден қалай а...
9 қыркүйек 2026
1
0
0

«Өз дәріханаңды нөлден қалай ашуға болады!» шеберлік сабағы

2026 жылғы 8 қыркүйекте Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасында «Фармация» білім беру бағдарламасының ФҚАБ 01-22 тобының 5-курс білім алушыларына арналған «Өз дәріханаңды нөлден қалай ашуға болады!» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағын фарм.ғ.к., доцент м.а. Сапақбай М.М. және фарм.ғ.к., доцент м.а. Шимирова Ж.К. ұйымдастырды.

Шеберлік сабағын «Electo pharma» дәріханасының меңгерушісі, кәсіпкер-сарапшы және дәріхана ашу бойынша тәлімгер – Ерманова Айгерим Алихановна өткізді.

Кездесу барысында дәріхана ашудың негізгі кезеңдері – қызметті жоспарлау мен ұйымдастырудан бастап, дәріхана ұйымын басқарудың практикалық аспектілеріне дейін қарастырылды. Дәріхана ашу және дәріхана бизнесін жүргізу барысында кәсіпкерлер кездесетін мәселелерге ерекше назар аударылды.

Білім алушылар сарапшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайларды талқылауға және фармацевтика саласындағы нақты тәжірибеге негізделген ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

Осындай шеберлік сабақтарын өткізу болашақ мамандардың практикалық құзыреттерін дамытуға, фармацевтикалық қызметтің заманауи бағыттары туралы түсініктерін кеңейтуге және фармация саласындағы кәсіпкерлікке қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)