Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Өз ресурстарыңды тиімді басқа...
22 желтоқсан 2025
1
0
0

«Өз ресурстарыңды тиімді басқару: жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдік»

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен академия қызметкерлері мен қыз-келіншектердің қатысуымен «Өз ресурстарыңды тиімді басқару: жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби және жеке өмірдегі эмоционалдық әрі психологиялық ресурстарын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, күйзелістің алдын алу, сондай-ақ жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын түсіндіру болды. 
Іс-шара барысында қатысушыларға психологиялық және эмоционалдық ресурстар ұғымы, шаршау мен кәсіби күйзелістің (эмоционалдық қажу) негізгі белгілері, сондай-ақ өзін-өзі қолдау тәсілдері мен стресс деңгейін төмендету жолдары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалауды нығайту, жеке шекараны сақтау, демалыстың маңыздылығы және ішкі тепе-теңдікті сақтау бойынша практикалық кеңестер берілді.

Пікірлер орны (0)