
2026 жылғы 6 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ЖТД-2 кафедрасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараны кафедра ассистенті Жиен А.Қ. және м.ғ.к., доцент м.а. Сартаева Қ.А. ұйымдастырды. Тәрбие сағатына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен ІЖТДҚ 15-25, 16-25, 17-25 және 18-25 топтарының интерндары қатысты.
Іс-шара барысында патриотизмнің маңызы, ел тарихына құрмет, Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі және Отан қорғаушыларын ұлықтаудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар жас ұрпақ үшін ерлік, бірлік және азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында интерндер мен оқытушылар мемориалдық кешен мен жауынгерлік даңқ музейіне барып, Ұлы Отан соғысы батырларына арналған тарихи экспонаттармен, архивтік материалдармен және естелік стендтермен танысты. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовқа арналған мәліметтер ұсынылды.
Өткізілген тәрбие сағаты жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, ел тарихына деген құрметті қалыптастыруға және патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал етті.
