
2026 жылдың 25 сәуір күні «Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» тақырыбы аясында қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қалалық тазалық жұмыстары өткізілді. Аталмыш іс-шараға қоғамның барлық саласынан белсенді жастар, тұрғындар және қоғамдық ұйымдар қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.
Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, Педиатрия-1 кафедрасының меңгерушісі К.С.Кемельбековтың басқаруымен, кафедра профессор-оқытушылар құрамы: А.Т.Адильбекова, Г.Ш.Баймакова және интернатура деканатының 7- курс ІПҚ-01-02-03-04-05-24 топтарының дәрігер-интерндері, 3-курс «Медицина» факультетінің В-МОБ-10-23, В-МОА-11-23 топ білім алушыларынан 40 белсенді жас қатысып, өз үлестерін қосты. Белсенді жастардың қатысуы тек қана физикалық тазалық жұмыстарын жүргізумен шектелмей, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастар арасында қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Тазалық жұмыстарының нәтижесінде қала аумағында көрнекі тазалық қамтамасыз етіліп, тұрғындарға қолайлы орта жасалды. Сонымен қатар, жастардың экологиялық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі артты, бұл болашақта қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бағытында маңызды негіз болатыны анық көрінді.
Аталмыш іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық акциясының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға, жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыруға және қаланың тазалығын тұрақты сақтау мәдениетін дамытуға бағытталған тиімді шара ретінде бағаланады.
Осы ретте, жастардың белсенді қатысуы мен ұйымдастырушылардың кәсіби жұмысын атап өту қажет, өйткені олардың еңбегі қала тұрғындарына таза, жайлы және қауіпсіз орта құруға зор үлес қосты. Болашақта да осындай экологиялық бастамалар тұрақты түрде өткізіліп, қаламыздың таза әрі экологиялық қауіпсіз қалалық орта болуына септігін тигізетініне сенім мол.