Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Педиатрия-2» кафедрасына оқуғ...
23 қазан 2026
1
0
0

«Педиатрия-2» кафедрасына оқуға келді


ОҚМА академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ ВМ086-Медицина білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары «Балалар аурулары» пәні бойынша  2026 жылдың 13- қазан күні «Педиатрия-2» кафедрасына оқуға келді. Академиялық ұтқырлық аясында келген білім алушыларды кафедра меңгерушісі, профессор Г.Е.Бектенова және кафедра ПОҚ-құрамы қарсы алды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты - білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін, ой-өрісін кеңейту, білім сапасын арттыру, білім алушылардың кәсіби және мәдениетаралық құзыреттерін дамыту, клиникалық дағдыларды белсенді меңгеру.
Тәжірибелік сабақтар  барысында балалар жасындағы аурулар, аурудың диагностикасы, емі мен алдын алу шараларына мән берілді. Кафедра доценті Ф.Д.Хатамов білім алушыларға «Облыстық балалар ауруханасынымен» және әр бөлімшелерімен таныстырды. Күнделікті тәжірибелік сабақтар «Педиатрия-2», «Онкогематология», «Нефрология» бөлімшелерінде және «қабылдау бөліміндегі» науқастарды курация жүргізумен жүргізіліп отырды. Сонымен қатар, білім алушылардың клиникалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында науқастарды талдау, клиникалық кейстерді шешу, ауызша сұрау және тест тапсырмалары беріліп отырылды.
Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың білім сапасын арттыруға, тәжірибе жинақтауға және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім берудің маңызды құралы болып есептеледі.

Пікірлер орны (0)