Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Педиатрия-2» кафедрасында Қаз...
5 қазан 2026
1
0
0

«Педиатрия-2» кафедрасында Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті

2026 жылдың 05 қазан күні «Педиатрия-2» кафедрасында кафедра меңгерушісі, профессор Бектенова Гульмира Ерсейтовнаның жетекшілігімен және кафедра ассистенті Г.М.Онласбекованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты: жоғары білім беру саласында, соның ішінде, медицина мамандарын даярлауда қызмет атқарып жүрген профессор-оқытушылардың еңбегін дәріптеу, ұстаз мәртебесін арттыру, білім алушылардың оқытушы еңбегіне деген құрметін қалыптастыру. Сондай-ақ, болашақ дәрігерлерді кәсіби тұрғыдан даярлауда жоғары білім қызметкерлерінің маңызды рөлін насихаттау.
Іс-шара барысында кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында жоғары білім беру саласының, әсіресе медициналық білімнің маңызы, оқытушының кәсіби қызметі, ұстаз еңбегінің қоғам мен денсаулық сақтау саласын дамытудағы орны туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Білім алушылар өз ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдіріп, олардың кәсіби білімі, тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінің болашақ дәрігерлерді қалыптастырудағы маңызы туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында оқытушының тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар білім алушыға бағыт-бағдар беретін тәлімгер, болашақ дәрігердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды маман екендігі атап өтілді. Қатысушылар жоғары медициналық білім сапасын арттыруда профессор-оқытушылар құрамының үздіксіз ізденісі, кәсіби дамуы және тәжірибесімен бөлісуінің маңыздылығын талқылады.
Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Е. Бектенова сөз соңында жоғары білім беру саласындағы әрбір қызметкердің еңбегі болашақ дәрігерлердің сапалы білім алып, білікті, жауапты және кәсіби маман болып қалыптасуына зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, ұстаз еңбегін бағалау, оның кәсіби беделін құрметтеу және медициналық білім мен ғылымды дамыту – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі екенін жеткізді.

Пікірлер орны (0)