
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Аширов Шадияр Алдиярұлының ұйымдастыруымен ОҚМА білім алушылары (ВМ-СҚАБ-03, 04-24) кафедра оқытушыларымен 08.09.2025 жылы мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылады. Жолдауды талқылауға қатысушылармен президенттің жолдауына байланысты өзгерістер бойынша сұрақ-жауап жүргізілді. Білім алушылар баяндамалар жасап, өз көзқарастарын білдірді.
Қорытымды баға
Жолдау − алдағы жылдардағы мемлекеттік даму бағытының негізгі ұстанымдарын жеткізетін стратегиялық құжат болды. Ең бастысы:
Конституциялық реформалар (парламент құрылымын өзгерту, референдум өткізу),
Мемлекеттік құқық тәртібін нығайту,
Сан-инновациялық экономиканы дамыту: ғылым, білім, цифрлық технология, жасанды интеллект,
Ынталандырушы инвестициялық механизмдер жасау,
Халықаралық ынтымақтастық арқылы экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешу.
Жұмыс ауқымы кең және табанды басқаруды талап етеді, ал реформалардың табысты болуы халықтың қолдауы мен ашық талқылаумен байланысты.