
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жастардың психологиялық саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында «Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге «Камея» клиникасының акушер-гинекологы Ұлбала Умиралиева, Шымкент қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Сымбат Ахмет, Шымкент қалалық Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Бахытжан Бекбаев, тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Асанова қатысты.
Кездесуді Жастар ресурстық орталығының Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Әлімқұл Ақсымбат Рашидқызы жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар жастардың психикалық денсаулығын сақтаудың маңыздылығы, эмоционалдық жағдайды тұрақтандыру, күйзелістің алдын алу және қиын жағдайларда дер кезінде мамандардан көмек сұрау мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар кездесуде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану мәселелері де қозғалды.