Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Қамқорлық пен мейірімділік – ә...
5 наурыз 2026
1
4
3

Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы

Қасиетті Рамазан айында «Отбасылық медицина» кафедрасының ұжымы және кафедраға қарасты дәрігер-интерндер бірлесе отырып «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас дәрігерлердің бойында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, кәсіби білімін қайырымдылықпен ұштастыру және қоғамдағы қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсету. Дәрігер мамандығы тек кәсіби міндет қана емес, ол – жанашырлық пен адамгершілікті талап ететін қасиетті қызмет. Сондықтан бұл шара жас мамандар үшін ерекше маңызға ие болды.
Іс-шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының түлегі, хирург дәрігер Амантаев Ерланға көмек көрсету мақсатында қаржылай қолдау ұйымдастырылды. Науқастың денсаулық жағдайының ауыр болуына байланысты жиналған қаржылай көмек оның анасына табысталды.
Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Іс-шара барысында ұжымдық бірлік пен ұйымшылдық ерекше байқалды. Әрбір интерн қолынан келген көмегін көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл – жас дәрігерлердің тек білікті маман ғана емес, жүрегі мейірімге толы азаматтар екенін айқын көрсетті.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсету дәстүрге айналары сөзсіз.
Мейірім мен қамқорлық әр жүректе орын алса, қоғамымыз да ізгілікке толы болары анық. «Жүректен жүрекке» жеткен жылу – ең үлкен байлық.

Пікірлер орны (3)
Динара Нарзуллаева
👍👍👍
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍
Салхожаева Кулзира Кенесовна
Жүрегі кең ұрпақтар көп болсын! Атсалысқан жандарға Алланың нұры жаусын! Ерлан жігіт сауығып кетсін!