
ОҚМА Терапия кафедрасы BM-МҚА-06-23 және BM-МҚА-05-23 топтарының білім алушылары «Қарттарым — асыл қазынам» атты игі іс-шара аясында қарттар үйіне барып, қарияларға қуаныш пен жылулық сыйлады.
Іс-шара барысында студенттер қариялардың қан қысымын өлшеп, аускультация және жалпы қарау жүргізді. Сонымен қатар, денсаулықтарына қатысты арнайы сұрақтар қойып, қан қысымын өлшеу әдісін түсіндіріп, практикалық тұрғыда көрсетті. Бұл кездесу болашақ дәрігерлер үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, қарияларға қамқорлық көрсетудің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында студенттер қарияларға арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді қатысып, игі іске үлес қосқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.