Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қарты бар үйдің – қазынасы ба...
12 маусым 2026
1
0
0

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар»

«Оториноларингология, урология және травматология» кафедрасы «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Қарт десе, әркімнің көз алдына ақ жаулықты әже мен ақсақал қария елестері анық. Алайда, перзент атаулының бәрі қазыналарын қадірлеп, қарттарын алақанда аялап отырмағаны қынжылтады. Аталмыш кафедра меңгерушісі, доцент м.а. Ғалия Еркінбекқызы Қалдыгозованың бастамасымен лор, урология, травматология 1 курс резиденттері осындай көмекке мұқтаж қарияларға көмектесу мақсатында қарт¬тар үйіне барып, қажетті заттарын апарып, көмек көрсетті. Акция барысында қарттар үйінің тұрғындарымен жылы жүздесулер ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды және ізгі тілектер айтылды. Қарттар өздерінің алғысын білдірді.

Пікірлер орны (0)