Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қаржылық сауаттылықты арттыруғ...
23 қыркүйек 2025
15
0
0

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын өтті. Оқу орнының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы жиынды ашып беріп, студенттерге іс-шараның мақсатын түсіндіріп, арнайы шақырылған спикерлерді таныстырды.
Жиынға Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен өкіл ретінде Марат Өтегенов, «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамынан арнайы өкіл ретінде Руслан Ботабаев, Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкері Қабыл Сұлтан Абзалұлы мен қалалық жастар ресурстық орталығының психологы Жұрын Әсемай қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Сала мамандары студенттерге қазіргі қоғамда кеңінен таралған алаяқтық түрлері жайлы жан-жақты әңгімелеп, соның ішінде «дроппер» алаяқтық схемасына ерекше тоқталды. Қазіргі таңда ұялы телефон арқылы несие алып, алаяқтардың құрбаны болып жатқандар саны аз емес екені нақты мысалдармен түсіндірілді. Мұндай жағдайлардан сақтану қажеттігі баса айтылды.
Студенттерге түрлі бейнежазбалар көрсетіліп, қоғамдағы қаржылық қауіптер мен алаяқтық тәсілдер туралы толық ақпарат берілді. Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының психологы Жұрын Әсемай психологиялық тренинг ұйымдастырып, депрессиялық жағдайда кәсіби мамандардың қолдауына жүгінудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Пікірлер орны (0)