
3.04.26ж. күні А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярованың қатысуымен «Қауіпсіз өмірге қадам: әйелдерге қолдау көрсету» атты тренинг өткізілді. Тренингке «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының психология магистрі, аға оқытушы А.Ә.Мырзазия мен 1 курс Фармация факультетінің білім алушылары қатысты.
Мақсаты: қоғамдағы әйелдердің психологиялық саулығын нығайту, олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, қатысушыларға эмоционалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы ақпарат беру көзделді.
Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері түсіндіріліп, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары талқыланды. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайларда өзін қорғау жолдары, күйзеліспен күресу әдістері және тиімді қарым-қатынас орнату техникасы бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды.
Қорыта айтқанда, тренинг қатысушылар үшін өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Білім алушылар қауіпсіз өмір сүру дағдылары туралы маңызды ақпарат алып, өз-өзіне деген сенімділіктерін арттырды. Кездесу барысында алынған білім мен тәжірибе олардың болашақта түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына және өз құқықтарын қорғауына септігін тигізеді.
