Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақ тілінің білімпазы» атты...
17 маусым 2026
1
1
0

«Қазақ тілінің білімпазы» атты олимпиада

2026 жылы 11 маусымда қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен шетелдік білім алушылар арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақ тілінің білімпазы» атты олимпиада өткізілді.
Сайыста 1 курс білім алушылары бақтарын сынады. ОҚМА-ның тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Е.Қ.Сәлім байқаудың алғы сөзін айтты. Шетелдік білім алушыларға мемлекеттік тілді үйренуде, әдет-ғұрпымызды сыйлауда, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыруында сәттілік тіледі.


Сайысқа қатысушылардың өнеріне Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкері Жақсыбекова Жансая Мұхтарқызы, ОҚМА-ның медицина факультет деканының орынбасары Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбекқызы, жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы Дауменова Жанар Тасмұратқызы қазылық етті.


Әділ қазылардың шешімімен
І орын 
«Тіл қазынасы» тобының білім алушылары: Бхатнагар Аниша, Сингх Сатья Пракаш, Суман Саурав Кумар
ІІ орын 
«Мықты дәрігерлер» тобының білім алушылары: Тьяги Махи, Критика, Фархан Сед Мохаммад
ІІІ орын 
«Болашақ дәрігерлер» тобының білім алушылары: Арбадж, Хан Сахил, Хан Физа 
«Жұлдыздар» тобының білім алушылары: Али Аамир, Амеен Шаима, Дееп Касаудхан Ванш
Сайыс жеңімпаздары дипломмен және байқауға белсене қатысқан «Тату ұжым», «Жас қыран» топтары алғыс хаттармен марапатталып, оларға кафедра атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды. 

Пікірлер орны (0)