
08.04.2026 ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік –қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым күніне орай «Тәуелсіз- 35 жыл» тақырыбы аясында «Қазақстан ғылымының болашағы: инновация және технология» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін саралау, тарихи даму кезеңдерін ғылыми тұрғыда талқылау, қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге баға беру және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің саяси, экономикалық және мәдени даму бағыттары туралы баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, тарихи оқиғаларға талдау жүргізді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында тәуелсіздік тақырыбына арналған патриоттық әндер орындалып, ұлттық күйлер шертілді.
Іс-шара соңында студенттер тәуелсіздіктің маңыздылығын атап өтіп, ел болашағы үшін білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың маңызы зор екеніне тоқталды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
