Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстан Республикасы мен Ор...
25 маусым 2026
1
0
0

«Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Шымкент қаласындағы «Рамада» қонақ үйінде «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ресми ашылу салтанаты өтті. Халықаралық деңгейдегі маңызды жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтар мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.
Конференцияның ашылу рәсімінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Глазебная Инна Михайловна, Өзбекстан Ғылым академиясы Вирусология институтының директоры, академик Э. И. Мусабаев және Инфекциялық аурулар жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Д. А. Баешева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пленарлық мәжілісте инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері талқыланды. Конференция аясында АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның түрлі аймақтарынан жетекші мамандар бас қосып, ғылыми баяндамалар ұсынылды.  Конференция спикерлері ретінде танымал ғалымдар мен профессорлар сөз сөйледі: М.А. Смағұл (Астана), Б.Н. Кошерова (Қарағанды), Н.Ю. Пшеничная (Ресей), А.М. Қуатбаева (Алматы), С.С. Сарсенбаева (Алматы), Т.В. Косенкова (Санкт-Петербург), Г.Н. Абуова (Шымкент), Hakan Leblebicioglu (Түркия), А.К. Дүйсенова (Алматы), Mohammad Sajadi (АҚШ). Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Қазақстанның инфекциялық аурулар жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестігі, Роспотребнадзордың Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты және «Оңтүстік Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Конференция  жұмысы секциялық отырыстармен жалғасты. Ғылыми жиын аясында жетекші ғалымдар, тәжірибелі дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандары инфекциялық аурулардың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Пікірлер орны (0)