2025 жылдың 04 маусым күні сағат 11:00-де, Түркістан көшесі 10, №6 ғимарат, №213 дәрісханасында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ұлттық бірегейліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы алғы сөзді алып, дөңгелек үстелдің мазмұны, міндеті мен мақсаттары туралы таныстырды.
Дөңгелек үстелге «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, олардың тарихи маңызы мен тәрбиелік рөлін насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторлары, символдық мәні кеңінен талқыланды. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Ш.А. тақырып бойынша баяндама жасап, пікір алмасты. Тақырыпқа қатысты бейнебаян көрсетіліп, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды. Қатысушылар рәміздерге деген өз көзқарастарын білдіріп, патриоттық тәрбие жайында ой қозғады.
Мұндай іс-шаралар жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Кафедра алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырады.