
2026 жылдың 23 қазанында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында “Фармация” факультетінің студенттерге арналған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: реформалар және әлеуметтік маңызы» тақырыбында тәрбиелік семинар- өткізілді. Семинар сабағын аға оқытушы Сабитов Т.Ж. жүргізді. Іс-шараға қатысушылар ретінде кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аширов Ш.А. және профессор міндетін атқарушы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ертаев М.А. және басқа оқытушылар қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігі және қоғамның дамуындағы Конституцияның рөлі талқыланды. Қатысушылар Конституцияның тек мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұрақтылықты, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды екенін атап өтті.
Студенттер тақырып бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Шақырылған қонақтар құқықтық сауаттылықтың, заңды құрметтеудің және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына назар аударды.
Семинардың тәрбиелік мәні студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.