Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақстандағы діни сенім бост...
22 мамыр 2026
1
0
0

«Қазақстандағы діни сенім бостандығы: құқық пен жауапкершілік» атты дөңгелек үстел

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы А.Ә.Мырзазия 2 курс “Медицина” БББ білім алушыларымен азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқығын түсіндіруге, Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, оның iшiнде терроризмнiң, нәсiлдiк және дiни экстремизмнiң таралуын тоқтатуға бағытталған шаралары бойынша «Қазақстандағы діни сенім бостандығы: құқық пен жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Білім алушыларға Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының конституциялық негіздерін түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім құндылықтарын насихаттау. Сонымен қатар жастар арасында терроризмнің, діни экстремизмнің және радикалды идеологиялардың алдын алу, ұлттық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызын түсіндіру, студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген ар-ождан және діни сенім бостандығы мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар еліміздегі конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызы ерекше атап өтілді. Студенттерге деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі туралы жан-жақты түсіндірілді.
Аға оқытушы А.Ә.Мырзазия жастар арасында радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті. Осы бағытта мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамалық негіздер және ақпараттық-түсіндіру шаралары туралы мәліметтер берілді. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты.
Іс-шара соңында студенттер діни сауаттылықты арттыру, ақпаратты саралай білу және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау әр азаматтың маңызды міндеті екендігі жөнінде қорытынды жасады. Дөңгелек үстел білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.

Пікірлер орны (0)