Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қоғамдық денсаулық сақтау» до...
5 қыркүйек 2025
39
1
0

«Қоғамдық денсаулық сақтау» докторанттары Ыстамбұл университетінде тағылымдамадан өтті

2025 жылдың 29 шілдесі мен 29 тамызы аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) докторанттары Л.Н. Магай, С.А. Кудьярова және А.Ғ. Мусаева Ыстамбұл университетіндегі Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама доцент Meryem Merve Ören Çelik-тің жетекшілігімен өтті.
Тағылымдама барысында докторанттар PRISMA және PROSPERO халықаралық стандарттарын қолдана отырып, жүйелі шолулар мен мета-талдаудың заманауи тәсілдерін меңгерді. Олар жетекші деректер базаларында (PubMed, Scopus, Web of Science, Cochrane Library) ғылыми жарияланымдарды іздеу әдістерін зерттеп, деректерге статистикалық талдау жүргізуді, соның ішінде OR, RR, SMD көрсеткіштерін есептеуді, сондай-ақ forest plot-ты құруды үйренді.
Тағылымдама ОҚМА докторанттарына өздерінің зерттеу дағдыларын жетілдіруге және халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, ОҚМА мен Ыстамбұл университеті арасындағы одан әрі академиялық ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, ОҚМА ректорына жолдаған ресми алғыс хатымен расталды.

Пікірлер орны (0)