Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Құттықтаймыз!
15 қазан 2025
6
0
0

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан  халқына арнаған Жолдауында қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң ұстанудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы тапсырма аясында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізіп келеді.
Агенттіктің бастамасымен 2025 жылдың 10-20 қазан аралығында https://amlacademy.kz/finiq онлайн-платформасында қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы Диктант іс-шарасы ұйымдастырылды.
Ауқымды бүкілқазақстандық іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері белсенді түрде қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен қызығушылық танытты. Нәтижесінде, Шымкент қаласындағы 9 жоғары оқу орны арасында қатысу белсенділігі бойынша академия І орынды иеленді.
Академия ұжымы мен студенттері алдағы уақытта да құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында осындай маңызды бастамаларға белсене қатыса бермек.

Пікірлер орны (0)