Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қызметкерлерді басқару» пәні...
1 қазан 2025
5
0
0

«Қызметкерлерді басқару» пәні бойынша дуальды оқыту

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында білім беру үдерісі аясында дуальды оқыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді.
ФҚАБ-01-21 және ФҚА-02-21 топтарының білім алушылары «Қызметкерлерді басқару» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы «Даму» базасында өтті.
ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы «Даму» директоры – Альжанова Хадиша Дербесовна білім алушыларды фармацевтикалық ұйымдардағы кадрлық менеджменттің ерекшеліктерімен, қызметкерлерді тиімді басқару қағидаларымен және теориялық білімді қолданудың практикалық аспектілерімен таныстырды.
Мұндай оқыту форматы болашақ мамандарға алған білімдерін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге оларды фармацевтикалық ұйымдардың нақты жұмыс жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)