Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Республика күніне арналған тәр...
21 қазан 2026
1
0
0

Республика күніне арналған тәрбиелік сағат өткізілді

25 қазан – Республика күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Педиатрия-1 кафедрасында шетелдік білім алушылардың қатысуымен мерекелік тәрбиелік сағат өткізілді.
Іс-шараны Педиатрия-1 кафедрасының ассистенттері Б.С. Балтабаева және А.Е. Абсадық ВМ-МША-07-24 және ВМ-МШБ-07-24 топтарында білім алатын шетелдік студенттермен бірлесе ұйымдастырды.
Тәрбиелік сағаттың негізгі мақсаты – шетелдік білім алушыларды Қазақстан Республикасының тарихымен, мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерімен және Республика күнінің тарихи маңызымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының егемендік жолындағы тарихи қадамдары, мемлекеттік рәміздері, ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Білім алушыларға еліміздің тәуелсіздікке жету жолы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызы кеңінен түсіндірілді.
Мерекелік іс-шара аясында Республика күніне арналған арнайы тақырыптық презентация дайындалып, таныстырылды. Көрнекі материалдар арқылы шетелдік студенттер Қазақстанның тарихы, мемлекеттілігінің қалыптасуы, ұлттық мәдениеті мен жетістіктері туралы мағлұмат алды. Презентация білім алушылардың Қазақстан туралы танымын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Тәрбиелік сағат барысында шетелдік білім алушылар Қазақстанның ұлттық құндылықтарымен танысып, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеудің маңызын түсінді. Іс-шара әртүрлі мәдени орта өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға, достық қарым-қатынасты дамытуға және көпұлтты қоғамдағы бірлік құндылығын дәріптеуге бағытталды.
Республика күні – Қазақстанның егемендігін, мемлекеттілігін және ел болашағына деген сенімін айқындайтын маңызды мереке.Осындай тәрбиелік іс-шаралар шетелдік білім алушылардың Қазақстан туралы білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың еліміздің тарихына, мәдениетіне және ұлттық құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара мазмұнды әрі танымдық бағытта өтіп, білім алушыларға Қазақстанның тарихи мұрасы мен мәдени ерекшеліктерін жақынырақ тануға мүмкіндік берді.
Республика күні құтты болсын! Қазақстанның көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, елімізде бейбітшілік, достық пен ынтымақтастық салтанат құра берсін! 

Пікірлер орны (0)