Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Резиденттерге арналған жиын өт...
2 қыркүйек 2025
16
0
0

Резиденттерге арналған жиын өтті

Биылғы жаңа оқу жылында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына 140 резидент қабылданды. Осыған орай, бүгін оқу орнында резиденттерге арналған салтанатты жиын өтті. Оған оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Мария Анартаева қатысып, жас мамандарды «Білім күнімен» құттықтап, оларға оқу жолында сәттілік тіледі.
Мария Ұласбекқызы өз сөзінде болашақ дәрігерлердің сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына академияда барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, резидентура деканы Гүлмира Бектенова жиналғандарға ішкі тәртіп ережелерін түсіндіріп, оқу үдерісі, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңірек ақпарат берді.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы еліміздің денсаулық сақтау саласына білікті мамандар даярлау ісінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Академия резидентураға қабылданған жас мамандардың теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларын жетілдіруге де баса мән береді.

Пікірлер орны (0)