
21.04.26ж. күні «Қазақсқстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.Маликов «Санамен серпіл: Өмір – ең қымбат құндылық» ұранымен студенттер арасында аутодиструктивтің (суицидтің) алдын – алу және отбасылық қатынастарды, моральдік-этникалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: студенттер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың (суицидтің) алдын алу, олардың психологиялық саулығын нығайту, өмірдің құндылығын терең түсіндіру және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге бағыт беру. Сонымен қатар, жастардың отбасылық қарым-қатынастарға деген жауапкершілігін арттыру, моральдік-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары, стресске төзімділікті арттыру, сондай-ақ жақындармен дұрыс қарым-қатынас орнату туралы өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.