Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шаңырақ күніне орай мерекелік...
17 наурыз 2026
1
0
0

Шаңырақ күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Шаңырақ күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны академия жанындағы колледж ұжымы мен студенттері ұйымдастырды. 
Мерекелік бағдарлама барысында студенттер жырдан шашу шашып, күмбірлеген күй тартты. Мың бұралған биші қыздар да өз өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүріне сай шашу шашылып, мерекенің сәні мен салтанаты арта түсті. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тарту жарысында студенттер күш сынасса, ал асық ату сайысы қатысушылардың мергендігі мен ептілігін көрсетті. 
Іс-шара қорытындысы бойынша сайыстарда топ жарған қатысушылар арнайы сый-сияпаттарға ие болды. Аталған іс-шара студенттердің бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)