Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Шұғыл медицина және мейіргер і...
21 мамыр 2026
1
0
0

Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасы Халықаралық мейіргерлер күнін атап өтті

Жыл сайын 12 мамыр күні бүкіл әлемде Халықаралық мейіргерлер күні аталып өтеді. Бұл күн – адам денсаулығын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген мейіргерлерге құрмет көрсету күні. Мейіргер – тек медицина қызметкері ғана емес, науқасқа үміт сыйлайтын, жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісі болатын маман. Кафедрамыз 2026 жылы 19 мамыр күні осы мерекені ерекше атап өтті. Іс – шараға кафедра ұжымы мен Мейіргер ісі мамандығының білім алушылары және Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК №4 бекет қызметкерлері қатысты.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А. Сейдахметова сөз алып мейіргер мамандығы үлкен жауапкершілікті, сабырлықты және адамға деген ерекше ықыласты талап етеді және дәрігердің тағайындауын орындап қана қоймай, науқастың көңіл күйіне демеу болу, оған жылы сөз айтып, сенім ұялату – мейіргер еңбегінің маңызды бөлігі екенін, сондықтан да бұл мамандыққоғамда ерекше құрметке ие екендігін айтып кафедраны құттықтады.
Халықаралық мейіргерлер күні әйгілі ағылшын мейіргері Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай белгіленген. Ол қазіргі мейіргерлік қызметтің негізін қалаушылардың бірі ретінде танылған. Оның адам өмірін сақтауға арналған еңбегі бүкіл әлем медицинасының дамуына зор үлес қосты.
Осы мереке қарсаңында барлық мейіргерлерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбектеріне табыс және қоғамның құрметін тілейміз. Сіздердің мейірім мен жанашырлыққа толы еңбектеріңіз – адам өмірінің сақталуына қосылған үлкен үлес. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Пікірлер орны (0)