Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Шұғыл медицина және мейіргер...
21 мамыр 2026
1
0
0

«Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмыстары

2026 жылдың сәуір–мамыр айларында «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі мен ассистенттері Сейдахметова Айзат Ашимхановна,Ерімбет Бекзат Мыңбайұлы, Бекназарова Жаңыл Бауржановна, Султанова Жанат Сәрсеновна және Ходжакулова Умида Абдывалиевна Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы атынан Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты бірқатар білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру және кәсіптік насихат жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебі, Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі және Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы 9–11 сынып оқушыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, медицина саласының маңыздылығы мен болашағы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушыларға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ұсынатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар, қабылдау талаптары, академиялық мүмкіндіктер, студенттік өмір және болашақтағы кәсіби даму жолдары таныстырылды. Сонымен қатар медицина мамандығының жауапкершілігі, адам өмірін сақтаудағы рөлі және қоғам алдындағы маңызы ерекше атап өтілді.
Оқушылар академияның оқу үдерісі, тәжірибелік даярлық мүмкіндіктері, халықаралық байланыстары мен студенттерге жасалған жағдайлар туралы толық мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әсіресе болашақта дәрігер, мейіргер, фармацевт және басқа да медицина саласының маманы болуға қызығушылық танытқан оқушылар белсенділік көрсетті. Мұндай кәсіби бағдар беру кездесулері мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына бағыт-бағдар беріп, олардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ұжымы кәсіптік насихат жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсеткен мектеп директорлары мен мұғалімдеріне алғыс білдіреді.

Пікірлер орны (0)