
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қала тұрғындары арасында есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал ету мақсатында «Шымкент – есірткісіз қала» атты жалпы қалалық науқан ұйымдастырылды.
Аталған жалпықалалық науқанның негізгі мақсаты- есірткі жарнамасын, қала көркіне жағымсыз әсер ететін заңсыз жазбаларды анықтау және жою, есірткі құқық бқзушылығы мен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Есірткіге қарсы күрес - барша қоғамның ортақ міндеті. Маңызды іс-шараға ОҚМА «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының топ жетекшілері мен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері белсенді түрде атсалысып, өз үлестерін қосты.
Науқан барысында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, есірткі қылмысының алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырылды.
Студенттердің осындай қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуы олардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, есірткісіз, салауатты және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға деген жауапкершілігін нығайтады.
«Шымкент – есірткісіз қала!» — жастардың жарқын болашағы мен дені сау ұрпақ үшін ортақ мақсат!