Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Стрессті басқару, эмоционалды...
27 қараша 2025
1
0
0

«Стрессті басқару, эмоционалды интеллектті дамыту» бойынша іс-шара өткізілді

2025 жылдың 27 қараша айында Психологиялық қызмет және қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасы ұйымдастыруымен В-МҚ-10-25, СҚБ-10-25, СҚА-10-25 топтарында «Стрессті басқару, эмоционалды интеллектті дамыту» бойынша іс-шара өткізілді.
Қазіргі қоғамда адамдар күнделікті өмірде әртүрлі психоэмоционалды жүктемелерге, ақпараттық қысымға және әлеуметтік күйзеліске ұшырайды. Бұл факторлар адамның жалпы өмір сапасына, эмоционалдық тұрақтылығына және психикалық денсаулығына тікелей әсер етеді. Осыған орай, стрессті басқару, эмоционалды интеллектті (EQ) дамыту және депрессияның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоцияларды тиімді басқаруға үйрету, күйзеліс жағдайларын ерте кезеңде анықтауға көмектесу және депрессияның алдын алу жолдарын түсіндіру болды. 

Пікірлер орны (0)