
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Фармация факультетінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ 2, 3, 4 курс, «Фармация» БББ 5 курс және қысқартылған БББ ФҚҚ 01-25, ФҚО 01-25 (2 ж), ФҚҚ 01-24 (3ж) тобының студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында Фармация факультетінің деканы Тоқсанбаева Жанат Садебекқызы білім алушыларға академияның ішкі тәртіп ережелері мен оқу орнының талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, факультет деканының орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы студенттермен еркін форматта пікір алмасып, олардың оқу үдерісіне, факультеттегі тәртіпке және қоғамдық жұмыстарға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Жиында студенттерге:
* оқу тәртібін сақтау;
* сабаққа жауапкершілікпен қарау;
* академиялық адалдық қағидаттарын ұстану;
* қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу;
* «Интегралды GPA» талаптарын сақтау мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді.

«Интегралды GPA» талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын Жастар саясаты бөлімінің қызметкері Асқар Мерей Еламанқызы және Ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Мухамедияров Майдан Нағашыбайұлы жүргізді.