
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Заң мен тәртіп» апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін білім алушыларға ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Іс-шараны академияның Жастар саясаты бөлімі ұйымдастырды. Кездесуге Кездесуде Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Саттар Байсеитов және Шымкент қалалық полиция департаменті ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Ердәулет Садықов қатысты.
Оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы жастарды заңды құрметтеп, әр ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Болашақ дәрігерлерге қоғамға есірткінің зиянын түсіндіруде үлкен жауапкершілік жүктелетінін жеткізіп, оларға өз мамандығына адал әрі жауапты болу керектігін айтты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ күмәнді жағдайлардан аулақ болу жөнінде маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара соңында студенттер көрсетілген фильмдер бойынша өз ойларымен бөлісіп, құқық қорғаушыларға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.