Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттеріміз олжалы оралды
29 сәуір 2026
1
0
0

Студенттеріміз олжалы оралды


2026 жылдың 23–25 сәуір аралығында Қарағанды медицина университетінде «International Student’s Medical Marathon» халықаралық іс-шарасы өтті. 
«MEDCON – 2026» іс-шарасына Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы атынан Aryan Ujale, Ayush Singh, Mohammad Muntazir және Riya Bhat қатысып, секцияларда баяндама жасады. Айталық, «Қазіргі медицинадағы инновациялар мен технологиялар» секциясында Riya Bhat, «Трансляциялық медицина» секциясында Ayush Singh пен Mohammad Muntazir, ал «Денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелері» секциясында Aryan Ujale баяндама жасады.
Нәтижесінде, «Қазіргі медицинадағы инновациялар мен технологиялар» секциясында Riya Bhat «Креативті презентация» номинациясын иеленді. Ал, «Денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелері» секциясында Aryan Ujale өзекті тақырыпты жоғары деңгейде қорғап, I орынға ие болды. 
Сонымен қатар, университеттер арасындағы достық спорттық жарыстарда да академия студенттері жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, үстел теннисі бойынша Riya Bhat I орынды жеңіп алды. 
Іс-шара аясында өткен «UDAAN 2026 — мәдени фестивалінде» Aryan Ujale ән айту өнері бойынша I орынды, Ayush Singh поэма оқу бойынша I орынды,  Mohammad Muntazir қазақ тілінде «Ана тілім» өлеңін мәнерлеп оқып, I орын жеңіп алды. 
Айта кетейік, студенттерге ғылыми жетекші Д.Т. Ажибаева-Купенова жетекшілік етті. 


Академия студенттеріне осындай мүмкіндік жасаған академия ректоры Ж.С. Сейтжановаға алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер орны (0)