Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттеріміз жүлделі болды
8 мамыр 2026
1
0
0

Студенттеріміз жүлделі болды


2026 жылдың 29–30 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы стоматология факультетінің студенттері Беларусь Республикасындағы Витебск мемлекеттік халықтар достығы ордені медицина университетінде өткен «Қазіргі заманғы медицина мен фармацияның өзекті мәселелері» атты 78-ші Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция офлайн форматта өтіп, 29 сәуір күні секциялық отырыстарда ғылыми мақалалар мен баяндамалар оқылды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан стоматология факультетінің студенті Камалов Е.Е. «Дентальды импланттардың иммунологиялық қабылданбау механизмдері және олардың периимплантиттің дамуындағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама нәтижесі бойынша Камалов Е.Е. I орын иеленіп, ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенін және таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, 5 курс студенті Ермекбаев Аловбек Азатбекұлы «Бағытталған сүйек регенерациясына арналған заманауи скаффолдтар: ортопедиялық стоматологиядағы маңызы» тақырыбында ғылыми жұмыс ұсынды. Ғылыми жетекші — м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров А.Б. Жұмыс Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында Сібір мемлекеттік медицина университетінің (Томск қ.) стоматология кафедрасымен бірлесіп орындалды. Конференция қорытындысы бойынша Ермекбаев А.А. II дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің кураторы, кафедра ассистенті, Сібір мемлекеттік медицина университетінің 2-курс аспиранты Бариева Мумина Кахрамоновна болды. Қатысушыларды дайындау кафедра қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және академияны халықаралық деңгейде лайықты таныстыруға мүмкіндік берді. Халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін академия ректоры Жанна Серікжанқызына және ОҚМА басшылығына алғыс білдіреміз!

Пікірлер орны (0)